20-шы Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

20-шы Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

Көрме туралы

20-шы«ЖОЛ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚҰРЫЛЫС, КОММУНАЛДЫҚ ТЕХНИКА» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

Kazcomak – жыл сайын өз алаңында карьерлерді игеруге арналған техника және жабдық өндірумен, асфальт өндірумен, өнеркәсіптік объекттердің, жол және тұрғын үй-коммуналдық құрылысымен, жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын халықаралық және отандық жетекші компанияларды жинайтын Қазақстандық ірі мамандандырылған көрме.

КӨРМЕ БӨЛІМДЕРІ:

Асфальт бетондық зауыттар

Жол-құрылыстық техника

Карьер техникасы

Коммуналдық техника

Тоннел үңгілей қазу және жер қазу техникасы

Көтеру-тасылмалдау жабдығы, крандар

Тасымалдауға арналған техника

Экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, тракторлар

Техника және жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер және құрамдастар

Гидравликалық және пневматикалық жабдық

Техника және жабдықты лизинге және жалға алу

Жобалау және құрылыс

Жол жөндеу және күтіміне арналған техника мен материалдар

Шикізат өндіруге арналған жабдық

Kazcomak көрмесі қатысушыларға бүкіл әлемнен келген кәсіпқойлармен кездесуге және Қазақстанда бизнесті дамытуға арналған мүмкіндіктермен жақыннан танысуға бірегей мүмкіндік ұсынады.  Kazcomak көрмесінің қосымша артықшылығы, өз алаңында әлемнің 28-дан астам елінен кен өндіру және тау-кен өңдеу салаларының өкілдерін, жабдық өндірісшілерін, мамандарын жинайтын Орта Азияның ірі көрмесі –  «Mining & Metals Central Asia» Тау-кен жабдығы, кен мен минералды өндіру және байыту көрмесімен қатар өтуінде болып табылады.

Барлық құқықтары қорғалған.